Байқаудың мақсаты – оқушылардың түрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, еңбекке деген құрметін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әр сынып өзіне берілген тақырып бойынша жұмыстарын ұсынып, мамандықтардың маңыздылығын сурет арқылы көрсетті.
Оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық ізденіс пен қиялдарын көрсете білді. Суреттер мазмұндылығымен, әсемдігімен және ерекшелігімен көзге түсті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар грамоталармен марапатталды. Іс-шара оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға оң әсерін тигізді.